Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Орынбасарұлы Пашимовтың қолдауымен, Денсаулық Сақтау Министрінің 31.01.2012 жылғы "Қазақстан Республикасы халқына кардиологиялық, кардиохирургиялық және интервентті кардиологиялық көмекті ұйымдастыру" бойынша N62 бұйрығын орындау мақсатында "Ұлттық Ғылыми Медициналық Орталықтан " келген төмендегі дәрігерлер: Туякбаев Бауыржан Мырзабаевич -дәрігер кардиохирург және Дощанова Райхан Аралбаевна -дәрігер кардиолог 16.09.2022 күні Келес ауданында кеңес береді.
Кеңес алу тегін және алдын ала жазбасыз жүргізіледі. Өткізілетін орны: Абай ауылы, Мамандандырылған Емхана (жаңа поликлиника) 2 қабат, 25 бөлме. Қосымша ақпаратты емханамыз кардиолог дәрігерлерінен алуға болады: Найманбаева Гаухар +7 775 399 2948, Турдымуратова Айгул +7 775 850 8550
