Денсаулығына немқұрайды қараған 17 мың отандас жыл сайын қатерлі ісіктен көз жұматын көрінеді. Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні жыл сайын 4 ақпанда аталады. Бұл күнді Қатерлі ісікке қарсы халықаралық одақ (UICC) белгілепті. Мақсаты – Жер шары тұрғындарына обыр (рак) туралы мағлұмат беру, оны уақытылы анықтап, емдеу және алдын алу. Дұрыс тамақтанбау, экологиялық проблемалар, жүйкенің тозуы, бітпейтін стресс. Мұның бәрі – ракқа апаратын төте жолдар. Тек уақытылы емделіп, алдын алғандар ғана атам қазақ «аты жаман ауру» атап кеткен дерттен аман болмақ. Осы мақсатта 03.02.2023ж күні «Абай» Келес аудандық ауруханасының мамандандырылған емханасында АШЫҚ ЕСІК өткізілді. Жоғары санатты: онколог, маммолог, гинеколог, хирург, УДЗ дәрігерлері аудан халқына қызмет көрсетті.