“Абай” Келес аудандық ауруханасы ШЖҚ МКК -да Наурыз- тазалықтың айнасы" атты сенбілік жоғары деңдейде ұйымдастырылып өткізілді. Наурыз- тазалықпен жаңарудың мерекесі. Осынау мереке қарсаңында өткізілген сенбілікке аурухана басшысы Бекзат Маханбетұлы бастап, дәрігерлер, орта , кіші буын медицина қызметкерлері белсенділікпен қатысты. Аурухана аумағына, медициналық мекемелер ауласына шырша, жеміс ағаштары, гүлдер отырғызылып, әктеу, әрлеу жұмыстары жүргізілді.
Аурухана әкімшілігі

