"Абай"Келес аудандық ауруханасы ШЖҚ МКК -да балалар шыршасы атап өтілді.

Абай Келес аудандық ауруханасында емделіп жатқан науқас балаларға арналған жаңа жылдық мереке аталып өтілді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды  Балалар жылы деп жариялауына орай, ауруханада жыл басынан бері ауқымды іс - шаралар аталып өтілді.

Ауруханада өткізілген балалар шыршасына Келес ауданы әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, балаларды мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады.

Ота жасалып хирургия бөліміндегі емлелуші балалар, балалар бөліміндегі, жұқпалы аурулар бөліміндегі мектеп жасындағы балаларға планшеттер, перзентханада 30 жуық нәрестелерге , ауруханада емделуші барлық балаларға бағалы ойыншықтар табысталды. 80- жуық емделуші балалардың қуанышында шек болмады.

Ата - аналары мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлық үшін ерекше алғыстарын білдірді.

Жыл басынан бері балаларға арналған іс - шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып келген аурухананың білікті басшысы Бекзат Маханбетұлына.

Аурухана кәсіподақ ұйымы төрайымы Гүлмира Қалиқызынада алғыс білдіреміз. Жаңа жыл құтты болсын. Балаларымыздың болашағы жарқын болсын.

Аурухана әкімшілігі