Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшысы Асхан Мархабайұлы Байдуалиев “Абай” Келес аудандық ауруханасына шолу жасап, биылғы жылғы атқарылатын маңызды жұмыстармен танысты.
Басқарманың жаңа басшысы Келес ауданының медицина саласын дамытудағы жоспарларын мұқият қарады .
Басқарма басшысы Асхан Мархабайұлы аурухананың қабылдау бөлімінен бастап, бейінді бөлімдерді және мамандандырылған емхана бөлімдерін, аурухананың сыртқы ғимараттарын аралады.
Аурухананың басшысы Сланов Бекзат Маханбетұлы ауруханада жасалып жатқан оталар , заманауи медицинаның озық техникаларын қолдана отырып, көрсетіліп жатқан көмектер мен қолданыстағы жаңа алынған медициналық құрал-жабдықтармен таныстырды. Алдағы уақытта аудан тұрғындарына медициналық қызметтің сапалы көрсетілуі үшін медициналық құрал жабдықтар қажеттілігін атап өтті.
2023 жылғы аурухана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу жоспарын талқылап, сметалық құжаттары және аудан көлеміндегі емдеу мекемелерінің жай күйі мен , сонымен қатар салынуы қажет нысандарға талдау жасады.
Іссапар соңында ауданымыздағы денсаулық сақтау саласының мамандары басқарма басшысымен медицина саласының маңызды мәселелерін талқылап , мәжіліс өткізді. Басқарма басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын бере келе, медицина саласына облысымызда баса назар аударылып жатқанын атап өтті.
Аса жауапкершілікпен, ұйымшылдықпен жоғары деңгейде медициналық көмек көрсету үшін аурухана ұжымына сәттілік тілеп , қолдайтынын жеткізді.



