Келес «Абай» аудандық ауруханасына асқазан ішек жолдарының қанау белгісімен жан сақтау бөліміне науқас түскен. Дәрігерлердің шұғыл түрде тексеруі барысында науқаста өңештің көк тамырларының варикозды кеңейген тамырларынан қан кеткені анықталды. Қан кетумен қоса науқаста қан кету салдарынан ауыр дәрежеде қан аздық (анемия) анықталды. Аурухананың жан сақтау бөлімі дәрігерлері, трансфузиология дәрігері және хирургия бөлімінің дәрігерлері тарапынан жедел емдеу шаралары ұйымдастырылды. Қан құю, қан тоқтататын препараттар енгізілу арқылы науқас жағдайы қалпына келтіріліп, эндоскопиялық қанап тұрған көк тамыр түйініне байлам салынып ота сәтті өтті.

Нәтижесінде науқастың жағдайы тез арада жақсарып, қан кету белгілері тоқтап, үйіне шығарылды. Бұл манипуляцияның артықшылығы денеге ешқандай тілік жасамай ауыр халдегі науқастардың өмірін сақтап қалуға себеп болады.