Келес "Абай" аудандық ауруханасының балалар бөлімі дәрігері және ауданымыз бас педиатры Юсупова Нурзинат Мирзалиевна.
Білікті дәрігер 1976 жылдан бері осы күнге дейін ауруханамызда абыроймен қызмет атқарып келеді. Жоғары санатты балалар дәрігері. Медицина саласында 40 жылдан астам еңбек етіп келеді.
Білікті де сүйікті дәрігеріміз 1971 - 1977 жылдар аралығында Қарағанды Медицина Институтын үздік бітіріп, біздің ауруханада қызмет атқарып келеді. Қызметі барысында жылына 5 мыңнан астап бала емдеп, мыңдаған жас дәрігерлер тәрбиелеп ұстаз болды.
Білікті маман, бақытты ана және апа медицина мамандығының үздігі, көптеген облыстық және аудандық деңгейдегі марапаттар иесі талай жылдар еңбегінің арқасында көптеген күрделі ақаулары бар балаларды емдеп, әлі күнге дейін қатардан қалмай жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда өзінің кәсібилігінің арқасында ауданымыздың бас педиатры қызметін қоса атқарып келеді.
Айта кетейік Келес "Абай" аудандық ауруханасының балалар бөлімі 34 төсек орынға арналған. Бөлімше қызметкерлері 24-сағат үздіксіз қызмет көрсетеді. Онда мамандар шұғыл түрде және жоспарлы түрде науқастарды қабылдап, жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетеді.
Осындай білікті дәрігерлеріміз бар екен, біздің денсаулық сақтау қызметі кез келген қиындықтарға төтеп бере алады деп сенеміз. Дәрігерлеріміз аман болсын! Мерекелеріңізбен!

