"Мұнда және қазір" қағидаты бойынша пациенттер арасында шағымдарды жедел шешу мақсатында "Абай" Келес аудандық ауруханасында ұйым басшысының бұйрығы негізінде пациенттердің шағымдарымен айналысатын және қажет болған жағдайда пациенттердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайтын пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі құрылды. Қызмет медициналық ұйымның медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі қызметін үйлестіреді. Ол пациенттердің проблемаларын қарастырып, шешіп қана қоймай, өз кадрларын, жабдықтарын пайдаланудың тиімділігін бағалайды, медициналық көмек көрсету технологияларын, тегін көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету ережелерін сақтауды, медициналық сақтандыру қызметтерін көрсетуді тексереді, ақаулардың алдын алу және жою бойынша жұмыс жүргізеді, персоналды медициналық көмек көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқытуды жүргізеді.
Пациенттерге қолдау қызметіне жүгіне аласыз егер:
- Сізді, аймақтық дәрігердің болмауына байланысты қабылдауды жүргізбесе;
- Емханаға тіркеліміңіз бола тұра, аймақтық дәрігер/мейіргер немесе фельдшер үйге шақырту қызметін орындамаса;
- Егер де тар бейінді мамандардың болмауына немесе ай бойына көру кестесі толып, мамандардың кеңесін ала алмасаңыз;
- Сізге денсаулық көрсеткіштеріңіз бола тұра, диагностикалық және зертханалық тексерулерге жолдама бермеген жағдайда;
-Сізді өткізілген тексерулердің нәтижесімен таныстырмаса;
- Дәрігер қабылдау барысында , Сізге дөрекі сөйлеп , өзін дұрыс ұстамаса;
-Сізге көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаса;
-Сізге қойылған диагнозға және тағайындалған емге күмәндансаңыз;
-Өзіңіздің медициналық жазбаларыңызда, сәйкессіздіктер байқасаңыз;
-Сіз жалпы медициналық мекеменің және меициналық қызметкерлердің жұмысына көңіліңіз толмаса;
Сіз төменде көрсетілген мамандардың көмегіне жүгінуіңізге болады:
Басшының сапа бақылау жөніндегі орынбасары, пациенттерді қолдау қызметінің төрайымы: Туржанова Камила Куандыковна тел: 8 702 4725880
Сарапшы дәрігер: Курбанова Альфия Сарымсаковна тел: 8 775 609 32 66
Сонымен қатар төмендегі әлеуметтік желі парақшаларына хабарлама қалдыруыңызға болады:
Facebook: Келес Аудандық Абай Ауруханасы
Instagram: abai_keles_auruhanasy
Емханаға қалай тіркелуге болады
2023-06-15
